Астанада такси жүргізуші әйелді балағаттап, қорқытқан жолушы жауапқа тартылды.
Сотта анықталғандай, оқиға елордадағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінің маңында болған. Такси қызметін пайдаланған азамат сапар аяқталғаннан кейін жүргізуші әйелге балағат сөздер айтып, көліктен шығудан бас тартқан. Сонымен қатар әйелге қоқан-лоқы көрсеткен. Оқиға туралы ақпарат полицияға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін белгілі болған. Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамау туралы шешім шығарды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.