Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомство жұмысының нәтижесі, азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту және болашақ жоспар баяндалды. Шыңғыс Әріновтің айтуынша, соңғы екі жылда бөлімшелер 1,4 мыңнан астам техника, авиация, құтқару жабдықтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары және байланыс құралдарымен толықтырылды. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынды. Құтқарушыларға тұрғын үй төлемдері қарастырылған. Министрлік қызметкерлері үшін арнайы тұрғын үй кластерін құру жобасы қолға алынды. Президент ведомствоның азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша атқарып жатқан жұмысын оң бағалады.
ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
— Президент тарапынан құтқарушылардың жұмысына жоғары баға беріліп, нақты тағы да тапсырма берілді. Соның бірі – жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен бірлесіп, жергілікті жердегі төтенше жағдайлар бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстарды бірлесіп жасау.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал