Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігі күшейтілді. Бір тәулікте полиция жол ережесін бұзудың 1 675 дерегін анықтады. 11 жүргізуші көлікті мас күйінде айдаған, 8-і қарсы жолаққа шыққан. 46 жүргізуші қауіпті маневр жасаған. Ал 73 адам белдік тақпаған, 29 жүргізуші рульде телефонмен сөйлескен. Төрт көліктен жалған мемлекеттік нөмір анықталып, 26 автомобиль арнайы тұраққа қойылды. Мопед және самокат тебетіндер де ұдайы назарда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.