Жаңа оқу жылы қарсаңында елдегі 10 мыңнан астам білім беру нысаны түгел тексеріліп, қауіпсіздік талабына сәйкестігі пысықталды. Оның 6 225-і – мектеп, 3 673-і – балабақша, 665-і – колледж. Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов осылай мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде білім беру ұйымдарының 100%-ы бейнебақылау жүйелері және дабыл түймелерімен жабдықталған. Мектептердің 93%-ындағы бейнекамералар жедел басқару орталықтарына қосылған. Сондай-ақ жаңа «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң аясында білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктері енгізілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.