Жасанды интеллект Қазақстан мен Қытай ғалымдарын біріктірді. Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен халықаралық симпозиумда осы саланың болашағы мен қазіргі байланысы талқыланды. Жиында мамандар үлкен тілдік модельдерді дамыту және ЖИ-агенттердің әлеуетін сөз етті. Сондай-ақ озық технологияларды медицина, ауыл шаруашылығы мен білім беруде қолдану мәселелері қаралды. Бүгінде университет ғалымдары қытайлық әріптестерімен бірге нақты салаларға арналған арнайы модельдерді әзірлеп жатыр. Болашақта бұл жобалар студенттер мен мамандардың цифрлық көмекшісіне айналады.
ШУ ЧЖАН, СБП УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ /ҚЫТАЙ/:
— Қазіргі уақытта біз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп, бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде жасанды интеллект саласы бойынша мамандар даярлау бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл жас мамандар болашақта екі елдің білім, ғылым және инновация салаларының дамуына өз үлестерін қосып, Қазақстан мен Қытай арасындағы кадрлар даярлау ісіндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.