Қайыңдыға апаратын жол құрылысы аяқталуға жақын

Көлсай көліне биыл 330 мыңнан астам турист барды. Жыл соңына дейін көрікті мекенге саяхаттаушы саны 600 мыңға жетеді. Әсіресе Үндістан, Парсы шығанағы елдері мен еуропалық турист қатары көбейген. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жұмыс күні шамамен 2 мың турист ат басын тірейді. Ал демалыс күндері олардың саны үш есе артады. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне енген ұлттық парк аумағында 9 туристік соқпақ бар. Әсіресе Төменгі Көлсай мен Қайыңды көлі бағыты үлкен сұранысқа ие. Жақында Қайыңдыға апаратын жол құрылысы толық аяқталады.
ЭЛЕАНОР БРОМЛИ, ТУРИСТ /ҰЛЫБРИТАНИЯ/:
— Англияда бәрі тығыз орналасқан. Ал Қазақстан кең байтақ екен. Маған Көлсайдың табиғаты мен киіз үйлері қатты ұнады. Тамаша әсер алдым. Әсем, сұлу табиғат аясында еркін серуендеп, тынығып жатқан жайымыз бар. Инфрақұрылымы да жақсы, біздің көңілімізден шықты. Мұнда келгенімізге өте қуаныштымыз.
БАҚЫТ ЖҮНІСОВ, «КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ» МҰТП ДИРЕКТОРЫ:
— Былтыр Қайыңдының жолы басталды. Оған бюджеттен 2 млрд 400 млн теңге ақша бөлінген болатын. Қазіргі уақытта жол 99 пайызға бітіп тұр. Алдағы уақытта салтанатты ашылуы болады. Абаттандыру жұмыстары бойынша Көлсай көліндегі ескі соқпақтарды ауыстырамыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал