Алматыда тәуелсіз байқаушылардың сайлауға дайындығы талқыланды

Алматыда «Дауыс» тәуелсіз байқаушылар коалициясы брифинг өткізді. Жиында сайлау учаскелеріндегі қоғамдық бақылау мәселелері талқыланды. Мамандар тәуелсіз байқаушыларды оқыту және сайлауға даярлау барысы туралы айтып берді. Спикерлер байқаушылардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, дауыс беру кезінде назар аударатын негізгі мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар тәуелсіз байқалаушылардың сайлау күні атқаратын жұмысы мен әрекет ету тәртібі де сөз болды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал