19 тамыз «24KZ» арнасында саяси партия өкілдерінің теледебаты өтеді

«24KZ»-те басты теледебатқа жеребе тарту рәсімі өтті. Ал ертең, 19 тамыз, 20:00-де бұл арнада пікірсайыс болады. Оған жеті саяси партияның жетекшілері қатысады. Бұл Құрылтай сайлауы алдындағы соңғы әрі басты телевизиялық пікірталас. Сөз додасының тақырыбы – «Дамыған экономика – қуатты қоғам». Арнада және оның ресми парақшаларында тікелей трансляция жүргізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Жетінші арна» және «Жібек жолы» арналарында теледебат өткен болатын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал