Чилиде сел жүріп, көліктерді ағызып әкетті

Чилиде алапат тасқын болып, жолдағы көліктерді ағызып әкетті. Үздіксіз жауған жауын салдарынан сай-саладағы су тасып, сел жүрді. Әсіресе елдің солтүстігінде жағдай қиын. Айталық, Токопилья қаласы суға толды. Тұрғын үйлер бүлініп, біраз адам жарақат алды. Табиғи апатқа байланысты аймақта қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Тұрғындар эвакуацияланып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал