Қарағанды құтқарушылары табиғи өртпен арпалысып жатыр

Құтқарушылар Шет ауданының Үңірек ауылы маңында табиғи өртпен арпалысып жатыр.
Өртті бірден ауыздықтауға таулы-сайлы жер мен қатты жел және қиыр шет кедергі келтіріп отыр. «Бірақ ешбір елді мекенге қауіп жоқ», — дейді төтенше жағдайлар саласының мамандары. Дала өртін сөндіруге 310 адам, 44 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылған. Әуеден 18 рет су төгілді. Жалпы, қызыл жалынды өшіруге 54 тонна су кеткен. «Дегенмен жағдай жіті бақылауда», — деп сендірді құтқарушылар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал