Өскеменде ескі ағаштарды санитарлық бұтау жұмыстары қарқын алды

Өскеменде ескі ағаштарды санитарлық бұтау жұмыстары қарқын алды. Өйткені кәрі ағаштар көше шамын көлбелеп, жол белгілері мен бағдаршамды көлегейлей бастаған. Сонымен қатар мамандар өткенде соққан қатты желдің салдарымен қатар күресіп жатыр. Табиғи апаттан ағаштар құлап, қалада бірнеше күн жарық өшкен еді. Енді үзілген сымдар қалпына келтіріліп жатыр. Жалпы шығын көлемі де есептелу үстінде. Қаланың дендрологиялық жоспарын әзірлеуге бюджеттен 150 миллион теңге бөлінетін болды. Экологтар қаладағы барлық ағашты есепке алып, олардың нақты санын, жасын және жағдайын анықтайды. Кейін осы мәліметтердің негізінде жасыл желектердің онлайн-картасы әзірленеді.
ВИТАЛИЙ ЧЕРНЕЦКИЙ, ОАӨӨ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Терек, қарағаш, шаған сияқты көптеген ағаш түрлері бұтақтарының 50-60 пайызға дейін кесілуіне төзімді келеді. Әсіресе жуан бұтақтар кесілген жағдайда, жарақаттанған жерін міндетті түрде өңдеп, бояумен немесе балауыз негізіндегі арнайы бақша замазкасымен жабу қажет.

МАРАТ ТҰҢҒЫШБАЕВ, ТҮКШ, ЖКАЖ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қаланы жазғы күтіп-ұстау жұмыстары аясында ағаштарды бұтау және жасыл желектерді кесу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар қаланың сыртқы келбетін жақсарту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал