Астанада 21 жыл бұрын кісі өлтірген екі күдікті қолға түсті

Астанада 21 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысы ашылды. 2005 жылы елорда шетінен зорлықпен өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Бірақ ол кезде тікелей айғақтың жоқтығына байланысты кінәлілерді анықтау мүмкін болмаған. Биыл криминалдық полиция қызметкерлері архивті ақтарып, қылмыстық іс материалдарын қайта зерттеген. Қосымша жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде кілтипан анықталып отыр.
ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ, КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Қылмысқа Павлодар облысының екі тұрғынының қатысы бар екенін анықтады. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кісі өлтіргендерін мойындады. Қылмыстың мас күйінде болған жанжал кезінде жасалғаны анықталды. Екі күдікті де қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал