Қайтарылған активтер есебінен 500 инфрақұрылымдық жобаға қаржы бөлінді

Қайтарылған активтер есебінен өңірлердегі 500 инфрақұрылымдық жобаға 610 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, сумен жабдықтау саласында құны 226,5 млрд теңге болатын 267 жоба, денсаулық сақтау саласында 176,8 млрд теңгенің 191 жобасы, білім беру саласында 64,4 млрд теңгенің 17 жобасы мақұлданды. Сонымен қатар көлік саласында 43 млрд теңгеге 8 жоба, энергетика саласында 21,1 млрд теңгеге 7 жоба, спорт саласында 67,5 млрд теңгеге 6 жоба және Арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымы бойынша 18,4 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылады.
Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстанға 1,1 трлн теңгеден астам актив қайтарылды. Бұл қаражат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал