Ақтөбеде «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоғамдық орындарды абаттандыру және жаңа саябақ пен сквер салу, жаңарту жұмысы жалғасып жатыр. Айталық, жуырда мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінде жаңа саябақ салынды. Солардың бірі – аумағы 2 мың шаршы метр болатын жер. Қараусыз қалған аумақ қазір жайқалған жасыл желекке айналды. Ұңғыма қазылып, суару жүйесі орнатылды. Тал егіліп, гүл отырғызылды. Жарық жүргізілді. Жаяу жүргінші жолына тас төселді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.