23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қазақстандықтарды бейжай қалдырып жатқан жоқ. Кондитерлер осы саяси науқанның символикасы басылған тәтті бәліш әзірледі. Яғни торттың бетіне «Құрылтай 23 тамыз» деп жазып, астына көк туды бейнелеген. Сайлауға арналған кондитерлік өнім сатылымға шығарылды. Оны ақтөбелік компания әзірлейді. «Мұндағы мақсат – маңызды күнге елдің назарын аудартып, бір палаталы Құрылтай сайлауына жұмылуға шақыру», — дейді мамандар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.