Арнайы комиссия «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін іріктеу жұмысына кірісті. Қыркүйектің соңғы жексенбісі аталып өтетін «Еңбек күніне» орай өткізілетін сайыста «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» және «Үздік жас жұмысшы» номинациялары сарапқа салынады. Жеңімпаздар осы шара үшін ұйымдастырылатын ауқымды форум барысында марапатталады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтардың ел экономикасындағы маңызын арттыруға, білікті маман санын көбейтіп, еңбек нарығын сапалы кадрмен қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚЫМБАТ ИСМАИЛОВА, ЕӘӘ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі таңда өңірлерден 400-ден аса өтінім қабылданып, ең мықты жұмыскерлер мен династиялар анықталып жатыр. Жалпы, аталған жұмыстар жұмысшы мамандардың беделін арттыруға, елдегі сапалы еңбек нарығының дамуына бағытталған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.