Қытайлықтар желаяқ робот ойлап тапты

Бұл – Қытайда әзірленген желаяқ робот.
Әлемдегі ең жүйірік адам Усэйн Болттан да жылдам жүгіретін құлтемір ресми таныстырылды. Роботтың кескін-келбеті адамға ұқсайды. Оның аты – Superman. Секундына 13 метрге жуық жылдамдықпен жүйткиді. Шашасына шаң жуытпайтын желаяқ 2008 жылғы Олимпиадада 100 метрге жүгіруден алдына жан салмаған чемпионнан да жылдам көрінеді. Мамандар құлтемірді бір орында тұрып секіруге де машықтап жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал