Арнаға тіркел / Подпишись на канал: @TheSevenNews
БЕССЕЙН ОҚИҒАСЫ
Астанада бассейнге батып, комаға түскен жігіт есін жиды. «Енді оған көмек керек», — дейді етжақындары. Оқиға болған демалыс орнының өкілдері зардап шеккен азаматқа 500 мың теңге беріп, істі жылы жауып қойғысы келген.
ДАЛА ӨРТІМЕН КҮРЕС
Қарағанды құтқарушылары Шет ауданының Үңірек ауылы маңында табиғи өртпен арпалысып жатыр. Қызыл жалынды бірден сөндіруге таулы-сайлы жер мен қатты жел және қиыр шет кедергі келтіріп отыр. Елді мекенге қауіп бар ма?
21 ЖЫЛ БҰРЫН
Астанада 21 жыл бұрын кісі өлтіріп, ұстатпай жүрген екі күдікті қолға түсті. Дер кезінде тікелей айғақ болмай, кінәлілер жазадан сытылып кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлері архивті қайта ақтарып, ақыры айыптыларды анықтады.
ҚАРИЯҒА ҚОРҒАН
Енді алаяқтардың әмірі жүрмейді. Солтүстік Қазақстан облысының күштік құрылым өкілдері әлеуметтік желіде арнайы чат ашты. Ол арада мамандар жалғыз ілікті адамдар мен қарияларға киберқауіпсіздікке қатысты кеңес береді.
ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
Түркістан облысында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Ұстаздар қауымы алдағы жаңа оқу жылына дайындықты пысықтап, оқушыларға тәлім-тәрбие берудің тың тәсілдерін талқылады. Салтанатты жиында бір топ маман мемлекеттік наградамен марапатталды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.