Таразда тәрбиеші баланы ұйықтату үшін аяқ-қолын байлаған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Баланы ұйықтату үшін аяқ-қолын байлаған. Таразда тәрбиешінің ерекше қажеттілігі бар балаға қорлық көрсеткені әшкере болды. Жекеменшік балабақшаның бейнебақылау камерасына түсірілген жазба әлеуметтік желіде тарап, жұрттың жағасын ұстатты. Тәрбиеші аутизмі бар баланың қолы мен аяғын байлап, ұйықтатуға тырысқан. Бала қарсылық көрсетіп, кейін еденге құлайды. Басын төсекке соғып алады. Осыдан кейін төрт жасар балаға жедел жәрдем шақыртылып, жарақат бөлімінде басына тігіс салынған. Тәрбиеші жұмысқа сынақ мерзімімен қабылданған болып шықты. Бұдан бұрын дәл осы балабақшада тағы бір жағдай болып, жауапты мамандар әкімшілік жазаға тартылған. Ал соңғы оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
МЕРГЕНБАЙ ҚОЙКЕНОВ, ӘУЛИЕАТА АУДАНДЫҚ ПБ БАСТЫҒЫ:
— Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 140-бабының 2-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаға қатысты тұлғалардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал