Өрт кезінде Арыстағы әскери бөлімшеде қару-жарақ жарылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Дала өрті кезінде Арыстағы әскери бөлімше аумағында қару-жарақтың бөлшегі жарылды.
Ешкім зардап шеккен жоқ. Ешбір мүлікке де зақым келмеген. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл – жойылуға жататын қару-жарақ. Қорғаныс министрлігінің өкілдері осылай хабарлады. Айта кетейік, кеше кешке Арыс гарнизонына қарасты әскери бөлімшелердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп өртенді. Қызыл жалын түгел сөндірілді, оқиға орнында тиісті мамандар жұмыс істеп жатыр.
ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Өрт кезінде қару-жарақтың бөлшегі жарылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жоюға жөнелтуге әзірленген. Зардап шеккендер және қираған мүлік жоқ».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал