Президент сирек кездесетін металдар саласын дамытуға тапсырма берді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан ресурс және өндіріс әлеуеті жағынан Орталық Азияда көш бастап тұрғанын айтып, мұны мемлекет мүддесіне пайдалану қажеттігіне тоқталды. Президент дүние жүзінде аса маңызды материалдарға қол жеткізуде мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейе түскенін айтты. Жиында Үкімет мүшелері саланың қазіргі жай-күйі, ресурс қорын игеру перспективасы, қайта өңдеу бағытын дамыту және кедергілер туралы есеп берді. Отырыс соңында Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал