Ақтөбеде қоғамдық қауіпсіздікті бақылауда жасанды интеллект қолданыла бастады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақтөбеде қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын бақылау үшін жасанды интеллект элеметтері бар камералар кеңінен қолданыла бастады. Олар құқықбұзушылық жиі тіркелетін аумақтарға, адам көп жиналатын орындарға және ойын-сауық кешендерінің маңына орнатылып жатыр. Вокзалдар мен білім беру мекемелері де назарға алынған. Бүгінде шаhарда 14 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Оның 1 400-і жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика жүйесімен жабдықталған. Олар түтін мен өртті, қараусыз қалған күдікті заттарды автоматты түрде анықтайды. Осы жүйенің көмегімен қалада 200-ге жуық қылмыстың беті ашылды.
АЛТЫНБЕК ШАМШАДИН, ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:
— Камералардың бірінен екі адамның қатты мас күйіндегі ер адамды оңаша жерге сүйреп апарып, оның ақшасымен ұялы телефонын алып кеткені байқалған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері жағдайды дер кезінде анықтап, ақпаратты полицияның кезекші бөлімшелеріне жеткізген. Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы камералар арқылы қаланың көшелері мен қоғамдық орындарындағы жағдайды бақылауда ұстайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал