Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Риддер қаласында апатты жағдайдағы жылу желілері жаңартылып жатыр. Жөндеу жұмыстары 17 учаскеде жүргізілуде. Жалпы бұл мақсатқа Үкімет резервінен 1 млрд 300 млн теңге бөлінген. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындардан түсіністік танытуды сұрайды. Осы айдың соңына дейін 2 мыңнан астам абонент ыстық сусыз болады. Жалпы алдағы жылдары өңірде жылу жүйесін жаңғырту аясында 145 шақырым жылу желісін жөндеу және ауыстыру жоспарланған.
НАДЕЖДА ГРИГОРЬЕВА, РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Бізде бірнеше жылдан бері, тіпті он жылға жуық уақыт бойы ыстық суға қатысты мәселе шешілмей келеді. Жылу желілерінде үнемі апаттар болып, ыстық су жиі өшірілетін. Енді Риддердің басқа аудандарындағыдай бізде де тұрақты жылу мен ыстық су болады деп үміттенеміз. Жаз мезгілінде де ыстық судың болуы біз үшін өте маңызды.
КИРИЛЛ ГОЛОТА, РИДДЕР ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Жөндеу жүргізілген учаскелерге 3,5 мың абонент қосылған болатын. Қазіргі таңда олардың 1,5 мыңы қайтадан ыстық сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар биыл 1-25 шілде аралығында стансада жоспарлы тоқтату жүргізілді. Осы кезеңде барлық тұтынушыға ыстық су берілген жоқ. Бұл жұмыстар стансадағы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажет болды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.