Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Әлемде саяси және экономикалық шиеленіс күшейіп келеді. АҚШ Иранға қарсы ауқымды экономикалық оқшаулау жарияласа, БАӘ Тегеранға сауда эмбаргосын енгізді. Ал Кенияда туристік тікұшақ апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық оқшаулау басталатынын мәлімдеді. Ол бұл науқанды «бұрын-соңды болмаған экономикалық соғыс» деп атады. Трамп Иранды қолдайтын елдерге ескерту жасап, АҚШ одақтастарын Вашингтонға қосылуға шақырды. Алайда нақты қандай экономикалық шаралар енгізілетіні әзірге белгісіз. Бұған дейін Тегеран АҚШ-тың Ормуз бұғазын бақылауға алу туралы мәлімдемесін қабылдамаған еді.
БАӘ Иранға сауда эмбаргосын енгізді. Бұған Иран аумағынан БАӘ-ге кемінде екі баллистикалық зымыран ұшырылды деген мәлімдеме себеп болды. Алайда Тегеран бұл айыптауды жоққа шығарды. Иран үшін бұл маңызды экономикалық соққы болуы мүмкін. Себебі БАӘ – елдің негізгі тауар жеткізушілерінің бірі. Биыл көктемде Әмірліктердің Иранға экспорты мен қайта экспорты 22 миллиард долларға жетіп, Иран импортының 30 пайыздан астамын құраған.
Кенияның солтүстігіндегі Самбуру округінде туристік тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы жеті адамның барлығы қаза тапты. Олардың алтауы жолаушы, біреуі ұшқыш. Қаза болғандардың бесеуі – АҚШ азаматы. Тікұшақ Лоисаба қорығынан Эвасо-Нгиро аймағына ұшып бара жатқан. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Кенияның авиация билігі тергеу жұмыстарын бастады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.