«Келешек мектептері» жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп салынды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында үш жыл ішінде 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектеп пайдалануға берілді. 2024 жылы – 105, 2025 жылы 112 мектеп салынды. Нәтижесінде, 54 үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі толық шешіліп, 100-ден астам мектептегі орын тапшылығы азайды. Оның ішінде ауылдық жерлерде 84 жаңа мектеп бой көтеріп, 130 мыңнан астам ауыл баласына заманауи білім беру ортасы жасалды. Жаңа мектептер бұрынғы типтік нысандардан 15-20%-ға кең және техникалық жабдықталуы 4 есе жоғары. Олар заманауи зертханалар, STEM және робототехника кабинеттері, компьютерлік сыныптар, шеберханалар, шығармашылық студиялармен жабдықталған.
АЙҚОЖА ӘБСАДЫҚОВ, ИСИД ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Үкімет заманауи, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға, сондай-ақ қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты қысқартуға бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасын іске асырды. Жалпы, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы әрбір балаға тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін жағдайда сапалы білім алуға мүмкіндік береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал