Сарапшылар халықтың сайлауға қызығушылығы жоғары екенін айтты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақтөбеде «Sarap» сарапшылар клубының отырысы өтті. Жиында қазіргі қоғамдық-саяси үдерістердің динамикасы және халықтың сайлауға қатысу белсенділігі сөз болды. Мамандардың пікірінше, бұл жолғы науқанға халықтың қызығушылығы жоғары. Соңғы теледебатты онлайн форматта 165 мың адам тамашалағаны белгілі болды.
Айта кету керек, бұл жолғы басқосуға Астана, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысының қоғамдық-саяси, академиялық және ғылыми-зерттеу қауымдастықтарының мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысып, ой бөлісті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал