Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
7 қыркүйектен бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының мүмкіндігі кеңейеді. Енді азаматтар жинағын түгел инвестицияға сала алады. Бұған дейін жинақтың 50 пайызына дейін ғана сенімгерлік басқаруға беруге рұқсат етілетін. Қажет ақпаратты invest.enpf.kz платформасынан көруге болады. Жинақты басқарушы компанияға беру туралы өтініш автоматты түрде өңделеді. Қаражатты беру 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Ал жинақты басқа басқарушыға ауыстыруға немесе Ұлттық Банктің басқаруына қайтаруға бір жылдан кейін ғана рұқсат.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.