Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қарағанды көшелерінде қоғамдық тәртіпті модель қадағалап жүр. 17 жасында сән әлемінің жұлдызына айналған Шыңғыс Танатпаев қазір Ұлттық ұлан сапында әскери борышын өтеуде. Бұдан бұрын ол еуропалық дизайнерлердің сән көрсетілімдеріне қатысып, әлемге танымал брендтердің жарнамасына түскен. Көкшетаулық жігіттің сән индустриясына құлаш сермеуіне бойының ұзындығы мен келісті келбеті себеп болған. Ол әскери қызмет барысында да көзге түсе бастапты. Жоғалып кеткен балаларды тауып, ата-аналарымен қауыштырған. Енді Отан алдындағы борышын өтеп болған соң, сән әлеміне қайта оралмақ.
ШЫҢҒЫС ТАНАТПАЕВ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ:
— Мен француз дизайнері Пьер Карденнің, итальяндық дизайнер Федерико Бараццоның көрсетілімдеріне қатыстым. Түркиядағы подиумға да шықтым. Осы саланың бірқатар атақты адамымен таныстым. Кейін елге оралған соң әскерге баруды шештім. Әкем де, атам да әскери қызмет атқарған. Маған әскерге шақырту келгенде, көп ойланған жоқпын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.