Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
АЯҚ-ҚОЛЫН БАЙЛАҒАН
Баланы ұйықтату үшін қол-аяғын байлаған. Таразда тәрбиешілердің ерекше қажеттілігі бар балаға қорлық көрсеткені әшкере болды. Олардың оғаш әрекеттері бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды.
ҰЛДАНА МЫРЗУАН ІСІ
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы онлайн жалғасты. Бұл істегі жалғыз айыпталушы ОСИ төрағасына жаңадан екінші адвокат берілген. Заңгер сотта 12 томдық іспен әлі танысып үлгермегенін айтып ақталды.
ТРАМП ИРАНҒА ШҮЙЛІКТІ
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық оқшаулау басталатынын мәлімдеді. Ол бұл науқанды «бұрын-соңды болмаған экономикалық соғыс» деп атады. Сондай-ақ Иранды қолдайтын елдерге қатаң ескерту жасады.
14 МЫҢ КАМЕРА
Ақтөбедегі қоғамдық тәртіпті 14 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қалт жібермей қадағалап отыр. Тәулік бойы көше мен кісі қарасы көп жерлердегі жағдай жіті бақыланып, барлық мәлімет жедел басқару орталығына жөнелтіледі.
СӘНҚОЙ САРБАЗ
17 жасында модель болып, сән әлемінің жұлдызына айналған қазақстандық жігіт Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Ұлттық Ұлан сапында әскери міндетін абыроймен атқарып жүрген азаматпен тілшіміз сұхбаттасты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.