Алматыда автобус ішіндегі жанжал пышақтасуға ұласты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыда жолаушылар мінген автобус ішіндегі жанжал пышақтасуға ұласты. Алдымен екі ер адам сөзге келіп, артынша төбелес басталған. Көп ұзамай оларға тағы бір жолаушы араласып, қолына пышақ алған. Оқиғаның бәрі әйелдер мен балалардың көз алдында болды. Бейнежазбада қорыққан баланың жылаған дауысы анық естіледі. Жолаушылар жанжалдан қашып, салонның арғы жағына ығысуға мәжбүр болған. Ал төбелесті автобус жүргізушісі тоқтатып, жанжалдасқан екі ер адамды сыртқа шығарып жіберген. Кейін полиция оқиғаға қатысы бар үш күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Алматы қаласында қоғамдық көлікте орын алған жанжал дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үш күдікті де ұсталып, қамалды. Қоғамдық орындарда мұндай іс-әрекеттерге жол берілмейді. Барлық кінәлі тұлға міндетті түрде заң аясында жауап береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал