290 млн теңге салықтан жалтарған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

290 млн теңге салықтан жалтарған күдікті Ресейден экстрадицияланды. Ол 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып тұрғанда декларацияны бұрмалап берген. Қомақты қаржыны қалтасына басқан соң, шекара асып кеткен. Содан кейін қылмыстық қудалаудан жасырынған күдікті халықаралық іздеуге жарияланған. Енді күдікті Қазақстанға жеткізіліп, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ЕРЛАН ЖАПЕЙСОВ, БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Ағымдағы жылғы қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыс үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал