Әйел болып киініп, тікелей эфирге шыққан тиктокер қамауға алынды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Тікелей эфирде күмәнді онлайн-эксперимент жасаған блогер 10 тәулікке қамауға алынды. Қарағандылық 56 жастағы ер адам әйел болып киініп, әлеуметтік желіде әркіммен хат алмасқан. Полиция мен сот мұндай контентті заңға және қоғамдық тәртіпке қайшы әрекет деп бағалады. Сот шешімімен тиктокер тұтқынға алынып қана қоймай, алдағы уақытта әлеуметтік желіде блог жүргізуіне тыйым салынды. Оның парақшалары түгел бұғатталды.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Сот қаулысымен Азаматқа 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалды. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілердегі барлық аккаунтын жойды. Сонымен қатар полиция тарапынан оған қатысты бақылау жалғасып тұрады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал