Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шымкентте беймезгіл уақытта көшеде жүретін жасөспірім көп. Еңбекші ауданында жыл басынан бері 1200-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кезекті түнгі рейд барысында ойын-сауық орындары мен дәмханаларды тексерген тәртіп сақшылары заңды өкілінсіз жүрген 43 кәмелетке толмаған баланы анықтады. Оның үшеуі тойханада даяшы болып жұмыс істеп жүрген. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруіне жол берген бірнеше кәсіпкерге де әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
АЛМА САТҚАНБАЕВА, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫ БӨЛІМІНІҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
— Еңбекші ауданы бойынша 33 ойын сауық орнының егесі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде үшеуі қайталап жасаған, үшеуінің де қызметі сот актісімен тоқтатылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.