ШҚО-да тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарына дрондарды қолдана бастады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарына ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана бастады. Дрон көмегімен таулы аймақтағы жолдардың жағдайы әуеден бақыланып жатыр. Сондай-ақ орман ішінде және тауда адасып кеткен туристер мен жоғалған балаларды іздеуге көмегі тиюде. Жақында дрон арқылы заңсыз жолмен алтын іздеген қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Полицейлердің айтуынша, ұшқышсыз ұшу аппараттары әсіресе түнде пайдалы.
АЙДОС ДӘУЛЕТХАНОВ, ЦИРФЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Мемлекеттік органдарға көмегіміз өте көп тиіп жатыр. Адамдардың жоғалуы, өрт сөндіру кезінде және Коммуналдық шаруашылықтардың қоқыс шығаруы кездерінде ұшқышсыз ұшу дрондарының көмегін қолданып жатыр. Болашақта бүкіл Шығыс Қазақстан облысын 83 дронмен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал