Енді дәрігерлерге AI-ассистент көмектеседі

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстанда денсаулық сақтау саласын цифрландыру жалғасып жатыр. Бүгінге дейін бірыңғай цифрлық контурда 21 мыңнан астам медициналық ұйым мен 275 мың медицина қызметкері туралы дерек жинақталған. Ақпараттық жүйелерді біріктіру нәтижесінде медицина мамандарына түсетін жүктеме 30-40 пайызға азайған. Ал мемлекеттік қызметтердің 88 пайызы электронды форматқа көшті. Былтыр 5,6 миллион адам дәрігер қабылдауына онлайн жазылып, 8,5 миллионнан астам электронды медициналық анықтама алған. Сонымен қатар 11 миллионнан астам әйел мен бала цифрлық мониторингпен қамтылған. Дәрі-дәрмекті цифрлық таңбалау арқылы заңсыз айналымдағы 21 мыңнан астам препарат анықталды. Ал цифрлық сәйкестендіру жүйесі 10,6 миллиард теңгенің негізсіз жұмсалмауына мүмкіндік берген. Енді 1,9 мыңнан астам медициналық ұйымды бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйеге біріктіріп, дәрігерлерге арналған AI-ассистент енгізілмек.
АЛМАС КРАМШЕЕВ, РЭДСО БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл жұмыс Диджитал Қазақстан стратегиясының міндеттері және жарияланған цифрландыру және жасанды интелект жылының басымдықтары аясында жүргізіліп отыр. Негізгі міндет – медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, дәрігерлердің жүктемесін азайту және саланы басқару тиімділігін арттыру.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал