Құрылтай сайлауы: 777 халықаралық байқаушы аккредиттелді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Орталық сайлау комиссиясының өкілдері халықаралық байқаушылар миссиясымен кездесіп, Құрылтай сайлауына дайындық барысын пысықтады. Қонақтарға сайлау науқанының негізгі кезеңдері және Қазақстанда қолданылатын цифрлық шешімдер туралы ақпарат берілді. Сайлауды бақылау үшін барлығы 777 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Миссия өкілдері саяси партиялармен де кездесу өткізіп жатыр. Дауыс беру күні олар еліміздің сайлау учаскелерінде жұмыс істейді.
СЕРГЕЙ ПОСПЕЛОВ, ҰҚШҰ ПА ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:
— Ақпараттық жұмыс, азаматтарды ақпараттандыру жаңа деңгейге көтерілді. Себебі біздің байқаушылар миссиясы бұған дейін де бірнеше рет Қазақстан Республикасында және сайлау өткізген басқа да елдерде болған. Бізге бүгін жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын ассистенттің бар екені де айтылды. Ақпараттың барлығы қосымша мен мессенджерлер арқылы келіп түседі. Сондықтан бүгін біз ақпараттық жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көріп отырмыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал