Құрылтай сайлауы: «Жетінші арна» Exit Poll қорытындысын тікелей эфирде ұсынады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Сонымен, алдағы жексенбі алғашқы Құрылтай сайлауы.
Бір ай бойы жарғақ құлағы жастыққа тимей жанталасқан саяси партиялардың үгіт-насихат жұмыстары да шарықтау шегіне жетті. Ал «Жетінші арна» ұжымы 23 тамызда ала таңнан түн ортасына дейін арнайы шығарылым ұсынады. Онда тілшілеріміз сайлау учаскелеріндегі жағдайды жариялап, Орталық сайлау комиссиясының жұмысын паш етеді. Халықаралық байқаушылар пікірі, Exit Poll сарапшыларының талдауы, Бас Прокуратура мен ІІМ брифингі де эфир сайын көрсетіледі. Әр өңірден тікелей қосылым болады. Түнгі 23:00-де басталатын Election Night шығарылымы 1 сағат 20 минутқа созылып, Exit Poll-дың алдын ала қорытындысымен түйінделеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал