Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қарағанды қаласының тұрғыны кәдімгі ауланы өнер галереясына айналдырды. Павел Король түрлі-түсті пластиктен, ескі кафель, шыны және айна сынығынан түрлі экспонат жасайды. Жануарлар мен аң-құстың сан түрлді бейнесі – шебердің сәтті шыққан туындылары. Мысалы, «Таза Қарағанды» деген жазу – суретшінің қала тұрғындарын тазалық сақтауға және өзгенің еңбегін бағалауға шақырған тікелей үндеуі.
ПАВЕЛ КОРОЛЬ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Мен көбіне балаларға арнап жасаймын. Алғаш рет ауланы безендіру үшін жай ғана гүл жасап қойған едім. Кішкентай балалардың оған эмоциямен қарап, қуанып жатқанын көрдім. Содан кейін ауқымды дүниелер жасау керек деген ой келді. Мынау – мен жасаған теңіз тасбақасы.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.