Қытайдың Иу қаласында Silk Way Star шоуының ІІ маусымы басталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Silk Way Star оралды. Қытайдың Иу қаласында Silk Way Star халықаралық вокалдық шоуының екінші маусымы басталды.
Ауқымды тележоба түсірілімін Қытайдың CCTV ұлттық телеарнасы жүргізіп жатыр. Бір сахнада әр елдің әртістері қайта бас қосады. Атап айтқанда, екінші маусымға Қазақстан, Қырғызстан, Вьетнам, мен Түркия секілді оннан аса елдің өкілі бақ сынайды. Қазақстан атынан әнші Рухия Байдүкенова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Silk Way Star Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың China Media Group медиакорпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал