Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
АВТОБУСТА ТӨБЕЛЕСТІ
Автобуста үш ер адам көптің көзінше жаға жыртысты. Оқиға Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірінде болған. Олардың әрекеттері әлеуметтік желіге тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды. Осыдан кейін полиция жұрттың шырқын бұзғандарды қамауға алды.
САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАН
290 млн теңге салықтан жалтарған күдікті Ресейден экстрадицияланды. Ол коммерциялық ұйымның директоры болып тұрғанда декларацияны бұрмалап берген. Қомақты қаржыны қалтасына басқан соң, шекара асып кеткен.
ТИКТОКЕР ТҰТҚЫНДАЛДЫ
Қарағанды полицейлері тағы бір тиктокерді тұтқынға алды. 56 жастағы ер адам әйел болып киініп, әлеуметтік желінің «жұлдызына» айналғысы келген. Оның онлайн-эксперименті тәртіп сақшыларының кәріне ұшырады. Ешқандай тәрбиелік мәні жоқ әрекеті үшін 10 тәулікке қамалды.
ОМАРТАШЫҒА КӨМЕК
Жыл басынан бері Жетісу омарташылары 130 тоннадан астам бал өндірді. Облыста 11 мыңнан астам ара ұясы бар. Одан маусымына үш рет өнім алынады. Өңір шаруаларын қолдау үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 5 жобаға 36,6 млн теңге бөлінді.
«ТӨРТЕУДІҢ ҚҰПИЯСЫ»
Астанада «Төртеудің құпиясы» атты жаңа фантастикалық телехикаяның түсірілімі басталды. 8 бөлімнен тұратын туынды өз қабілетін танып, болашағын қалыптастыруға ұмтылған оқушылардың өмірін баяндайды. Мақсат – талант, еңбек пен табандылықтың маңызын ұғындыру.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.