Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Бүгін тарихи күн. Елімізде тұңғыш рет Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Бір сағат бұрын бүкіл сайлау учаскелері ашылып, тұрғындардың алды өз таңдауын жасап үлгерді. Әрбір қазақстандық жаңа бір палаталы заң шығарушы органға, лайықты партияға дауыс береді. Дәл осы маңызды күні Жетінші арнаның Жаңалықтар қызметі күні бойы ақпарат таратады.
Біз қазір Орталық сайлау комиссиясы ғимаратының дәл қасында далада тұрмыз. Бүгін бұл жер еліміздегі басты орталықтың біріне айналды. Себебі негізгі шешім, ресми ақпарат дәл осы жерде жарияланады. Қазір мұнда жұмыс қызып тұр. Жетінші арнаның көшпелі студиясы таңнан түнге дейін жұмыс істейді. Біз сайлаудағы маңызды оқиғаларды тікелей эфирде көрсетеміз. Әріптестеріммен бірге күні бойы жағдайды жіті бақылап, түнгі 12-ден кейін экзит-полдың алғашқы қорытындыларын жариялаймыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #Құрылтай #Сайлау #ТікелейЭфир #Курултай #выборы #дебаты #прямойэфир
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.