Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстан қос палаталы жүйеден бас тартып, жаңа саяси форматқа көшіп жатыр. Бұл Құрылтай сайлауы. Елімізде 12 млн 605 мың 778 сайлаушы бар. Осы сайлаушылар өз құқығынан қаншалықты хабардар? Сайлау тәртібі жайлы не білуі қажет?
Астана қаласы бойынша 520 сайлау учаскесі бар. Шетелдердегі елшіліктерде 82 учаскенің 3-і халықаралық жағдайға байланысты жұмыс істемейді. Олар Украина, Эфиопия, Иран мемлекеттерінде. Ал елордадағы 403 учаскенің 35-і әскери бөлімдер,тергеу изоляторлары, қарттар үйі және ауруханалардағы кейбір науқастар үшін уақытша жұмыс істейді. Әрбір сайлаушының өз таңдауын жасауына барынша мүмкіндік жасалған. Тіпті шақыру қағазы әр сайлаушының қолына табысталған.
Бейсембай Жұмабеков, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
— Ерекшелігі бұл шақырудың біз әрбір сайлаушымызға қолына беріп жатырмыз. Қолдан қолға дейді ғой. Жаңағы есігіне тастап кету, жәшігіне тастап кету, есігінің алдына тастап кету деген ондай бүгін жоқ. Бүгінгі күні біз әрбір азаматқа осыны қолына жеткізіп беретіндей жағдай жасап жатырмыз. Ал енді ол жеткізілмейтін жағдайда болғанда біздің учаскелік сайлау комиссиясында әдейі арналған журналдар бар, сол журналға күнделікті жаңағы азаматтар барып жаңағы шақыру қағазын тапсырған кезде жазып отырады.
Егер азамат тіркелген мекенжайына тұрмайтын болса немесе тұрақты тіркеуі болмаса, ол сайлау заңнамасында белгіленген тәртіппен сайлаушылар тізіміне енгізуін алдын ала шешуі қажет. Дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін учаскелік сайлау комиссиясына немесе жергілікті атқарушы органға белгіленген тәртіппен жүгінуі қажет, — дейді комиссия төрағасы. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтар да өз құқығын білуі тиіс.
Бейсембай Жұмабеков, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
— Бүгінгі күні 6,5 мыңдай мүгедектігі бар азамат осы Астана қаласында дауыс беру құқығы бар екен. Оның ішінде жаңағы мынау арбамен, коляскада жүрген азаматтар бар, көзі көрмейтін құлағы естімейтін азаматтар бар. Солардың барлығына бүгінгі күні жағдай жасалып жатыр.
Құрылтай сайлауында мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне жан-жақты қолайлы жағдай жасалады: сайлау учаскелері пандустармен, арнайы кабиналармен жабдықталады және денсаулығына байланысты келе алмайтындар үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы тасымалданатын жәшікпен қамтамасыз ету қарастырылған. Және де қала бойынша 147 инватакси үзіліссіз жұмыс істейді.
Айзат Тұрғынбекқызы, тілші:
— Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлауға қатысу құқығы 18 жасқа толған қабілеттілігі шектелмеген Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Сайлау жалпы, бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Азаматтардың сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Сайлаушы сайлау учаскесіне жеке басын куәландыратын құжатпен баруы керек. Дауыс беру кезінде азаматтың жеке өзі дауыс беруі қамтамасыз етіледі. Басқа адамның орнына дауыс беруге жол берілмейді.
Айзат Тұрғынбекқызы, Берік Нұрсәлімов
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #Құрылтай #Сайлау #ТікелейЭфир #Курултай #выборы #дебаты #прямойэфир
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.