Құрылтай сайлауын сырттан 777 маман бақылайды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауына халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығы жоғары. Еуропа, Азия және ТМД елдерінен жүздеген байқаушы келіп, дауыс беру барысын бақылап жатыр. Сайлау науқаны басталғалы Орталық сайлау комиссиясы 777 халықаралық байқаушыны аккредиттеген. Халықаралық байқаушылар кімдер?
Олардың миссиясы қандай?
Гүлвира Сейтен, тілші:
— Халықаралық байқаушылар – сайлаудың қалай өтіп жатқанын сырт көз ретінде бақылауға келген өкілдер. Олар дауыс беруге араласпайды және сайлау комиссияларының жұмысына нұсқау бермейді. Тек дауыс беру тәртібінің сақталуын, сайлаушыларға жасалған жағдайды және дауыстарды санау процесін бақылайды.
Сайлауды бақылау үшін келген халықаралық байқаушылар миссиясының жалпы саны – 777 адам. Оның қатарында 42-сі шет мемлекеттен, 13 халықаралық ұйымнан және 41 елдің парламентінен келген 138 депутат бар.
Мұхтар Ерман, ҚР ОСК төрағасының орынбасары:
– ШЫҰ Байқаушылар миссиясынан – 11 кандидатура, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінен – 9 байқаушы, Азық-түлік қауіпсіздігі ислам ұйымынан — 7, Литвадан 4 байқаушы, Грузия, Солтүстік Македония, Эстониядан әрқайсысынан 2 байқаушыдан, Нидерланд Корольдігі және Тәжікстан Республикасынан 1 кандидатурадан.
Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушыларды аккредиттеуді 17 тамызда аяқтаған. Құрылтай сайлауын сырттан 777 маман бақылайды.
Бұл Қазақстанда жаңа саяси институттың қалыптасу барысына халықаралық деңгейде қызығушылық бар екенін көрсетеді дейді комиссия өкілдері.
Гүлвира Сейтен, Берік Нұрсәлімов
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #Құрылтай #Сайлау #ТікелейЭфир #Курултай #выборы #дебаты #прямойэфир