Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан нөмірі 520-шы сайлау учаскесіне барып, жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Ел тарихындағы маңызды саяси шарада өз таңдауын жасаған Президент бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізіп, журналистер сауалдарына жауап берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
– Бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #Құрылтай #Сайлау #ТікелейЭфир #Курултай #выборы #дебаты #прямойэфир #Новости #Новости2026