Құрылтай сайлауында 4 млн-нан астам адам өз таңдауын жасап үлгерді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Құрылтай сайлауында қанша адам дауыс берді? Орталық сайлау комиссиясы елдің барлық өңіріндегі сайлаушылардың келу көрсеткішін бақылап жатыр. Қазірдің өзінде ресми және нақты дерек бар.
Гүлвира Сейтен, тілші:
— Сағат 12-ге дейін ел бойынша 4 миллион 670 мыңнан астам сайлаушы таңдауын жасап үлгерді. Бұл – тізімдегі азаматтардың 37 пайыздан астамы. Орталық сайлау комиссиясы ең белсенді өңірлерді атады.
Дауыс беруге белсенді қатысып жатқан өңірлердің көшін әзірге Қызылорда облысы бастап тұр. Мұнда сайлаушылардың 47,59 пайызы бюллетень алған. Жетісу облысы да қалысар емес – 47,29 пайыз. Түркістан облысында бұл көрсеткіш 43,14 пайызға жетті.
Ал Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкентте де белсенділік жоғары. Мұнда сайлаушылардың 40 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында. Түске дейін мегаполистегі сайлаушылардың 17,87 пайызы ғана учаскеге келген. Астанада бұл көрсеткіш – 35,28 пайыз. Қалған өңірлерде белсенділік 34 пен 40 пайыз аралығында.
Ләззат Сүйіндік, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
— Жалпы еліміз бойынша сағат 12.00-де 4 670 816 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,05% құрады.
Сайлаушылардың белсенділігі туралы келесі мәлімет бір сағаттан кейін жарияланады. Күн әлі ұзақ, дауыс беруге уақыт бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #Құрылтай #Сайлау #ТікелейЭфир #Курултай #выборы #дебаты #прямойэфир #Новости #Новости2026