Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Еліміздің солтүстігінде 500-ден астам сайлау учаскесімен 15 аумақтық комиссия межелі мезетте өз жұмысын бастады. Аймақта 365 мыңнан астам адам саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасайды.
Самат Қайырденұлы, тілші:
— Қазір мен № 595 сайлау учаскесінде тұрмын. Ол облыстық балалармен жасөспірімдер шығырмашылығы орталығында орналасқан. Дауыс беру орны таңғы 7-де ашылып, жұмысын бастап кетті. Тұрғындар лек-легімен келіп, таңдауын жасап жатыр.
Бұл жерде 1274 адам тіркелген. Оның 13-ші алғаш рет осындай саяси науқанға қатысып жатыр. Жалпы өңірде қанша учаске жасақталды? Жабық учаске нешеу? Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Сағындық Рахымжаннан сұрап білейік.
Сағындық Рахымжан, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:
— 543 сайлау учаскесі бар. Оның 92 Петропавл қаласында орналасқан. Облыста 13 жабық сайлау учаскесі жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы органдар берген мәліметке сәйкес, жалпы облыс бойынша сайлаушылар саны 365 161 адам. Сайлау науқаны барысында 558 комиссия жұмыс істеп жатыр. Олардың 15 аумақтық, 543 учаскелік сайлау комиссиялары. Жалпы барлығы сайлау науқанында 3196 комиссия мүшесі жұмыс істейді.
Сөз соңында айта кетейік, жүріп-тұруы қиындаған тұрғындар таңдауын үйлерінде жасап жатыр. Бюллетень жеке қолдарына табысталып, жылжымалы жәшікке салып алып кетеді. Еліміздің солтүстігіндегі ахуалды мен жіті бақылап отырмын. Кешкі сағат 9-да жаңарған мәліметтерді саралап, тағы эфирге шығамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #Құрылтай #Сайлау #ТікелейЭфир #Курултай #выборы #дебаты #прямойэфир #Новости #Новости2026
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.