Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Атырау облысында вахталық әдіспен жұмыс істейтен жұмысшылардың Құрылтай сайлауына дауыс беруі үшін Қарабатан және Прорва кен орындарында жаңа учаскелер ашылып, қызмет атқаруда. Жалпы өңірде 11 мыңнан аса адам кен орындарында еңбек етіп жатыр. Облыс бойынша 278 сайлау учаскесі таңғы 7-де жұмысын бастады. 428 мыңнан аса сайлаушы бүгін өз таңдауын жасайды. Ал науқанды түрлі деңгейдегі екі мыңнан аса комиссия қадағалайды. Сайлау учаскелерінде азаматтардың таңдауын зерттеу мақсатында экзитпол да жүргізіліп жатыр. Сауалнама арқылы жиналған мәліметтер арнайы жүйеге енгізіледі. Сайлаушылар өз таңдауын жасағаннан кейін ғана интервьюерлер сауалнама жүргізеді. Жалпы тұрғындар сайлауға белсенді қатысып жатыр.
Аружан Смағұлова, интервьюер:
— Сауалнама нәтижесінде арнайы қосымшамыз QSI арқылы тіркеп, институттың орталық кеңсесіне жіберіп жатырмыз. Барлық участок жұмыстарын аяқтаған соң нәтижесін институттың орталық кеңсесіне жіберіп, олар талдап, кейін жариялайтын болады. Жалпы дауыс берушілердің сауалнамаға қарсылықтары жоқ. Белсенділіктері жоғары.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #Құрылтай #Сайлау #ТікелейЭфир #Курултай #выборы #дебаты #прямойэфир #Новости #Новости2026
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.