Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Сайлау марафоны тікелей эфирде. Елордадағы Қазмедиа орталығында жалпыұлттық онлайн марафон өтіп жатыр. «Қазақстан» телерадиокешені ұйымдастырған тікелей эфирде маңызды ақпарат, жедел жаңалық және сарапшылардың пікірлері ұсынылады.
Диана Орынтай, тілші:
— Мұнда Қазақстан телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен сайлау барысына қатысты ең маңызды ақпараттар сараланып, елдегі жағдайға байланысты сарапшылардың пікірлері ұсынылуда. Онлайн марафон таңғы 9:00-да басталған, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады.
Бүгінгі марафон өте жоғары қарқынмен, ерекше көңіл-күймен өтіп жатыр. Студиялардан, өңірлерден тікелей байланыс, сарапшылардың пікірлері, қызықты сұхбаттар мен маңызды ақпараттар үздіксіз ұсынылуда. Бір сөзбен айтқанда, марафонның атмосферасы өте ерекше. Ал дәл қазір Жетінші арна журналисі Альфия Хайдарова әріптестерімен бірге марафонды қыздыра түсуде. Қарқынды құрылыс, жаңа нысан қатысушылардың өзекті тақырыбына айналған. Қауіпсіздік мәселесі де талқыланды. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ел бойынша полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етіп жатқанын хабарлады. Кұрылтай депутаттарын сайлау бойынша 22 тамызға дейін 8 заңбұзушылық анықталғанын да мәлімдеді. Оның 3-еуі сайлау бойынша қоғамдық пікірге заңсыз сауал қойған, 5-еуі тыйым салынған кезеңде сайлау алдындағы үгіт жүргізген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #Құрылтай #Сайлау #ТікелейЭфир #Курултай #выборы #дебаты #прямойэфир #Новости #Новости2026
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.