Шымкентте сайлаушылардың белсенділігі қалай?

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шымкентте тұрғындар таңғы сағат 7-ден бастап сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Қалада 371 учаске жұмыс істеп, дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған.

ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
– Шымкенттіктер таңғы сағат 7-ден бері дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Қаладағы сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл күй байқалады. Сонымен қатар әр азаматтың өз таңдауын еркін әрі қолайлы жағдайда жасауына барлық мүмкіндік қарастырылған.

Ал таңғы сағат жетіден бастап бірнеше учаскеде экзит-пол сауалнамасы да басталды. Арнайы дайындықтан өткен мамандар дауыс беріп шыққан азаматтардан сауалнама алып, мәліметтерді бірден арнайы қосымша арқылы орталық кеңсеге жолдап отыр. Нәтиже сағат сайын жаңарып отыр. Мамандардың айтуынша, шымкенттіктер сайлауға белсенді қатысып, сауалнамаға да ықыласпен жауап беруде. Демалыс күніне қарамастан, дауыс беруге келген тұрғындардың қарасы қалың.

Жалпы, Шымкентте 713 мыңнан астам тұрғынның дауыс беру құқығы бар. Ол үшін қала бойынша 371 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың учаскелерге кедергісіз жетуі үшін қоғамдық көліктер де бүгін тегін қатынап жатыр.

ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
– Қаладағы бірқатар сайлау учаскесінде тұрғындарды ұлттық әуенмен қарсы алып, мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылған. Сонымен қатар кей учаскелерде ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сайлау орындарында Шым шаһардың символы – қызғалдақ пен қазақ ертегілерінің кейіпкерлері тұрғындарды қарсы алып жүр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #Құрылтай #Сайлау #ТікелейЭфир #Курултай #выборы #дебаты #прямойэфир #Новости #Новости2026