Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Бүгін Құрылтай сайлауына байланысты халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен брифинг өтіп жатыр. Байқаушылар сайлау учаскелеріне барып, дауыс беру барысымен танысқан. Сайлау басталған алғашқы күннен-ақ бақылау жұмыстарын жүргізіп, оған қатысып жатқан партиялардың жұмысымен де танысқан. Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы, халықаралық ұйымының өкілдері сайлау барысында жаңа технологияның, соның ішінде жасанды интеллектінің қолданылуына назар аударған. Сондай-ақ азаматтардың өз таңдауын еркін білдіруіне барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Байқаушылардың айтуынша, сайлау заң талаптары мен халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр. Сонымен қатар түрлі мемлекеттен келген халықаралық бақылаушылардың сайлау процесін қадағалап отырғанын айтты.
ОСМАН МЕСТЕН, ТҮРКПА КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
– Атаулы сайлауға әлеуметтік тұрғыдан қарайтын болсақ, Қазақстан Президенті мен халықтың бір мақсатта, елдің жаңа деңгейге көтерілуі жолында бірге жұмыс істеп, бір-біріне қолдау көрсетіп отырғанын байқадық. Бұған халықаралық комиссия құрамында келген байқаушылар ретінде өзіміз де көз жеткіздік. Сонымен қатар, Түркі мемлекеттері ұйымынан келген мамандар ретінде бұл сайлаудың барша қазақстандық үшін де, жалпы түркі әлемі үшін де игілікті әрі берекелі болуын тілеймін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #Құрылтай #Сайлау #ТікелейЭфир #Курултай #выборы #дебаты #прямойэфир #Новости #Новости2026
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.